Site icon Атамекен

Алматыда химиялық және биологиялық препараттар шашылады

Ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін арттыру мақсатында 14 сәуірден бастап қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмыстары басталады.

Зиянкестерге өңдеуден кейінгі әсерді күшейту үшін биылдан бастап бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделетін болады. Бұған дейін олар бір рет қана өңделетін, алайда өңдеу реттілігі аздығының тиімсіз екендігі дәлелденді және ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік бермейтіні анықталды.

Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылатынылады.

Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүзеге асырылады.

Биыл биологиялық өңдеу жұмыстары әдеттегідей төрт кезеңмен жүргізіледі:

Exit mobile version