Суббота, 21 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды. Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

«Біз атом электр станциясының заманауи технологиялары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және халықтың пікірі өте маңызды. Сондықтан, барлықтарыңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

Кездесу барысында атом электр станциясының жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде сақталатын қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі баяндалды. Штаб өкілдері қазіргі заманғы реакторлардың пассивті қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау әдістері туралы мәліметтерді ұсынып, қызметкерлердің қызығушылықтарын қанағаттандырды. Референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Алматы облыстық Халықтық штабтың баспасөз қызметі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments