Воскресенье, 14 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Алғыс айту күніне арналған эссе байқауы өтті

Алматы облысында Алғыс айту күніне арналған эссе байқауы өтті

Бүгін Алматы облысында «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық эссе байқауы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шығармашылық сайыс Алғыс айту күніне арналған «Рақмет саған, Qazaqstan!» атты онкүндік аясында өткізіліп отыр.

Байқауға облыстағы барлық білім беру мекемелерінің 8-9 сыныптарының мыңға жуық оқушысы қатысып, тақырыпқа орай өз ойларын жеткізді.

Байқауды Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Алғыс айту күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Сіздердің шығармашылық байқауға қатысуға ниет білдіріп, ынта-ықылас танытқандарыңыздың өзі көп нәрсені білдіреді.  Ізгі істерге негізделген қоғам қалыптастыру жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз», – деп атап өтті Жандар Асан.

«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» эссе байқауының мақсаты –мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халқының бірлігін, достығын нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту да байқау міндеттерінің бірі.

Сайыста жазылған жұмыстар арнайы комиссияның қарауына ұсынылып, бірнеше критерий бойынша бағаланады. Жеңімпаздардың есімдері 2 наурызда анықталады.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, үздік шығармалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments