Site icon Атамекен

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8,3 млрд бөлінеді

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарыныңәл-ауқатын жақсартуға 8,3 млрд теңге бөлінді.Бұл туралы өңірілік коммуникация қызметі ақпарат алаңында Алматы облысының әкімінің орынбасары Алмас Батанов мәлімдеді.  Спикердің айтуы бойынша, негізгі сома 2,3 млрд теңге болса, қосымша 6,0 млрд теңге бөлінген.

2023 жылдың мамыр айында қаражаттың бір бөлігі яғни, 2,3 млрд теңге Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының есепшотына түскен, екінші транш 6,0 млрд осы жылдың шілде айында аударылады деп уаде етілген.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске қосылды. Президент ойлаған жоба ауыл тұрғындарына өз бизнесін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыздық номиналды мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

«Жалпы, 18 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарын құру үшін республика бойынша қазірдің өзінде 100 миллиард теңге бөлінді. Әзірлеушілер бағдарламаның бірегей екенін, ауыл тұрғындарына 8 миллион теңгеден астам несие беріледі. Ал облыстың ауыл шаруашылығының жоғары әлеуетін ескерсек, оны одан әрі дамытудың болашағы зор. Сонымен қатар, Алматы облысын туристер орталығы десек теболады, сондықтан іскер ауыл тұрғындары туризмге қатысты жобаларды көбірек іске қосуды ұсынып отыр», — деп түсіндірді Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов.

Тек Алматы облысында бұл бағдарлама 133 ауылдық округті қамтиды. Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең сияқты қалалар жобаға қатыса алмайды. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарынан 22 миллиард теңгеден астам сомаға 3582 өтініш келіп түскен. Жұмыс топтары әлеуетті қарыз алушылардың 5,4 млрд теңгеге 765 бастапқы құжатын жинап, тексеруге жіберді.

Оның ішінде 4,3 млрд теңгеге 593 өтініммақұлданды. 2023 жылдың 12 шілдесінеауыл тұрғындарына 104,4 млн.теңгеге 16 шағын несие берілді.

Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығыбасқармасының жұмыс топтары ағымдағыжылдың сәуір, мамыр, маусым айларындабарлық аудандар мен Қонаев қаласындатүсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл реттемемлекеттік бағдарламаның, халыққабарынша қарапайым әрі жеңіл жеткізумақсатында жаңартылған кестеге сәйкес 3 жұмыс тобы құрылып ,өшпелі семинарлар 10 шілдесінен бастап өткізіледі

Айта кету керек, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жалғыз операторы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасыболып табылады.

Exit mobile version