Site icon Атамекен

Алматы облысында тәулігіне 130-дан астам COVID-19 оқиғасы тіркелді

Алматы облысында соңғы тәулікте КВИ-дің 133 жағдайы тіркелді, оның ішінде 109 симптомдық және 24 симптомсыз жағдай, деп хабарлайды «Jetisy media».

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,02% — дан 0,08% — ға дейін өсті.

Облыс аудандары бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-1, Балқаш-4, Еңбекшіқазақ-9, Ескелді-4, Жамбыл-10, Іле-12, Қарасай-17, Қаратал-2, Кеген-4, Кербұлақ-5, Панфилов-8, Талғар-16, Ұйғыр-1, Қапшағай қаласы-14, Талдықорған қаласы-23, Текелі қаласы-3.

Айта кетейік, 13 қаңтардағы жағдай бойынша облыста барлығы 58 182 зертханалық расталған КВИ жағдайы анықталды, оның ішінде 43 593 белгілері бар.

Exit mobile version