Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысы ауыл шаруашылығының өкілдері өз мәселелерін аймақ басшысына тікелей жеткізуде

Алматы облысы ауыл шаруашылығының өкілдері өз мәселелерін аймақ басшысына тікелей жеткізуде

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудандарды аралау іссапарының барысында шаруа қожалықтары мен агрокәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырды. Мұндай кеңестерде егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету, өнімдерді өткізу нарығын кеңейту сынды мәселелердің шешу жолдары талқыланады.

Сонымен қатар кездесулердің барысында аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері өз жұмыстары туралы есеп береді. Әр ауылдық округтің экономикалық дамуының көрсеткіштері мұқият қаралады. Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген бағамен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, мемлекеттік қолдау, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

— Әр әкім ауыл шаруашылығының өкілдерімен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы көпір сынды болуы керек. Ауылдық округтердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сұрақтарына жауап беріп, субсидиялар алу жолында көмек көрсететін консалтингтік орталық сияқты жұмыс істеуі керек. Тығыз қарым-қатынас болса ауыл шаруашылығы сөзсіз дамиды, — дейді Марат Сұлтанғазиев. Облыс басшысы жергілікті өзекті мәселелерді облыстық және республикалық деңгейде көтеру және шешу ауылдық округ әкімдері қызметінбағалаудың бір бағыты болып табылатындығын атап өтті.

Әр кездесудің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынады.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің тапсырмасына орай барлық ауылдық округтердің ғимараттарында субсидиялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпараттық стендттер орнатылғанын атап өту керек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments