Бейсенбі, Мамыр 19, 2022
Басты бет Жаңалықтар Атырау облысында 662 бала коронавирус жұқтырған

Атырау облысында 662 бала коронавирус жұқтырған

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың мәліметіне сүйенсек, былтырғы наурыздан бері 14 жасқа дейінгі 662 баладан коронавирус инфекциясы анықталыпты.

«Былтырғы 28 наурыздан биылғы 11 наурызды қоса алғанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 582 дерек тіркелді. Оның ішінде қауіпті вирусқа шалдыққан 14 жасқа дейінгі 662 бала бар. Сондай-ақ 18 жасқа толмаған 300 жасөспірімде де коронавирус анықталды», деді Мәдениет Танауов.

Бас санитар дәрігер өңір тұрғындарын эпидемиологиялық ахуал тұрақтағанға дейін адамдар көп шоғырланатын жерге бармауға шақырды. Әлі де әлеуметтік қашықтықты, медициналық маска кию режимін сақтау қажет.  

«Еліміздің батыс аймағында 14 наурызда Көрісу басталады. Бұл күні жасы үлкен адамдарға барып көрісу дәстүрі бар. Ал қариялар вирус жұқтыру қаупі мол топқа жатады. Көпшілігінің созылмалы сырқаты болуы мүмкін. Сол себептен, Көрісу мен Наурыз мерекесінде үлкендерді телефонмен, видеоқоңырау арқылы құттықтаған жөн. Бұл қауіпті вирустың таралмауына септігін тигізеді», дейді бас санитар дәрігер.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments