Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетХабарландыруБалағат сөз айтқандар 69 мың теңге төлейді

Балағат сөз айтқандар 69 мың теңге төлейді

Енді қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар 69 мың теңге төлейді. Ішкі істер министрлігі осылай мәлімдеді. Енді бұл әрекет ұсақ бұзақылық тобына енгізілді. Тілден тайған құқық бұзушы айыппұлдан жалтарса 30 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Мұндай жауапкершілік вандализмге де қатысты қатаңдатылды. Жаза қолданылатын санкциялардың ең төменгі шегі 4 есеге азайды. Яғни бұдан былай келтірілген залал 172 мың теңге болғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген бұл өзгерістер наурыз айында күшіне енеді.

Азамат Құрымбаев ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:
-Ұсақ бұзақылыққа 17 мың теңге шамасында айыппұл салынатын немесе 15 тәулікке қамауға алынатын. Енді жауапкершілік күшейеді. Өзгерістер бойынша ұсақ бұзақылыққа қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер кіреді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments