Жексенбі, Қазан 2, 2022
Басты бет Жаңалықтар Бұрын сотты болған азаматтар да жұмыспен қамтылуы тиіс

Бұрын сотты болған азаматтар да жұмыспен қамтылуы тиіс

Жуырда аудандық «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының  филиалында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры-жұмыс тобының төрағасы Олжас Тілепбергенов, жұмыс тобының мүшелері Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Жамбыл аудандық пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Ержұма Күлібеков, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталыгы» мемлекеттік мекемесінің маманы Дархан Ердәулетов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марлен Жекебаев, аудандық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гүлбану Сахуповалар қатысты.

Дөңгелек үстелде жоғарыдағы аты аталған азаматтар ҚР ІІМ-нің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Жамбыл аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға қайта әлеуметтендіру маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша бекітілген меморандумға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен қайтадан жұмыспен қамтылған тұлғалар туралы  айтылды.

Жиын барысында Ержұма Қадырұлы бұрын сотты болған қазіргі таңда жұмыссыз жүрген азаматтарды мейлінше жұмыссыз қалдырмай дер кезінде жұмысқа орналастырып, олардың да қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіре білу керектігін тілге тиек етті.

Е.Еркін

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments