Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕлтаңба - елдігіміздің белгісі

Елтаңба — елдігіміздің белгісі

Бүгінгі дәстүріміз жаңғырып, ұлттық құндылығымыз дәріптелеп жатқан жаңа Қазақстанның қадамы нық болуы үшін баршамыздың санамызда жақсылықтар жаңғырғаны жөн шығар. Тарихи сана негізінде қалыптасатын туған жерге, елге деген жүректегі ыстық сезім берік болуы үшін мемлекеттік Рәміздерге деген адалдықтың маңызы зор. Әнұранды тыңдағанда ерекше тебіренесің, көк Туымыз биікте желбірегендегі сәтті айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Ал Елтаңбаға келсек, қазақ ерекше қастерлейтін шаңырақ, алаулаған алтын күннің шапағы, қыранның қанаты алдағы бақытты күндерге,  жан-дүние тазалығына жетелейді. Соңғы кездері Елтаңбамызға байланысты сан алуан пікірлер айтылып жүр. Жалпы, Қазақстан Республикасының Рәміздері азамат ретінде мен үшін саяси жағынан жан-жақты сараланып, ұлттық болмысымызға сай деп толық айта аламын. Және  мемлекеттің саяси заңнамаларын айшықтайды.
Қазіргі жаһандану кезінде рухы биік ұлттар ғана өзін өзгелерге мойындата алатынын көріп жүрміз. Осы орайда елміз өз жолын таңдаған, бағытын айқындаған ел, мемлекет. Жол білген өзге көш көргенге жалтақтамайды. Өйткені алдағы жоспар, міндетіміз өте ауқымды. Осыдан-ақ намыстан жаратылған ұлт екенімізге осыдан-ақ көз жеткіземіз. Ұлттық рухымызға жасындай от беретін намыстың өзі жоғарыдағы Рәміздерімізбен ұлттық тіліміз, тарихымызға ден қоюдан басталады емес пе?! Рухын өрге оздырған халық қана бақытты. Ұлы Абай «Адамдықтың алды – махаббат» дегені тегін емес. Осынау заңғарынан сөз салсақ, жүрегі жалынды, халықтың табиғаты таза, тұнба болады.
Елтаңбаны өзгерту мәселесіне келер болсақ, бұл жедел шешім қабылдайтын мәселе емес деп ойлаймын. Дамуымызға қажеттігі болып жатса оны да көруге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашақ бағдары демократия, адам құқықтарын қорғау, халықтың әл-ауқатын жақсарту, әділетті қоғам құруға бағытталған алғышарттарға ерекше екпін беріп отырғанын білеміз. Осы тұрғыдан келсек, әлі де жан-жақты ойлануға әлі де уақыт бар.
Күмісжан БАЙЖАН,
ҚР Мәдениет қайраткері.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments