Site icon Атамекен

Елімізде зейнетақы тағайындау тәсілі қалай өзгереді

Бүгінде зейнетақының ең төменгі мөлшері — 57 853 теңге

Елімізде сексенінші жылдан кейін туғандарға зейнетақы тағайындау тәсілі өзгереді. Енді төлем есептелер кезде оларға бұрынғыдай кейінгі үш жылдағы аударым емес, соңғы 25 жылдағы салым ескеріледі
Қазақстанда қазір жасына қарамастан зейнеткерлердің бәрі базалық зейнетақымен қамтамасыз етілген. Бұл төлем түрі енді жаңа тәсілмен төленеді. Ол азаматтардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен зейнетақы қорындағы жинағына байланысты болады. Қазіргі зейнеткерлер базалық және ынтымақты зейнетақыны қатар алатын болса, болашақта өзгеруі мүмкін.

– Зейнетақы төлемін алу үшін ең алдымен, еңбек өтілі болуы керек. Екіншіден, олардың орташа жалақысы болуы керек. Егер де орташа жалақы болмаса, ең төменгі зейнетақы көлемімен пара-пар алады, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқармасы басшысы Марфуға Смағұлова.

Ынтымақты зейнетақыны жинақтаушы қордан төленетін төлем біртіндеп ығыстырады. Қазіргі инфляцияға байланысты базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Көрсеткішті биылдан бастап ең төменгі шекті 5 пайызға көтеру жоспарланған. Демек зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады

Exit mobile version