Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетАЭСЖамбыл ауданында Халықтық штабтың атом энергетикасын қолдау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жамбыл ауданында Халықтық штабтың атом энергетикасын қолдау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жалғасуда

  • Жамбыл ауданында Халықтық штабтың атом энергетикасын қолдау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жалғасуда

АЭС салуды қолдау мақсатында Беріктас ауылында өңірлік Халықтық штабтың түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Штаб мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, атом электр станцияларының артықшылықтары мен олардың экологиялық және экономикалық тиімділігі туралы түсіндірді.

Тұрғындар атом энергетикасының Қазақстан үшін стратегиялық маңызын түсініп, оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін бағалады.

«Атом электр станциялары – елдің болашағы үшін маңызды жоба. Біз АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуді, экологиялық таза энергия көздерін пайдалануды және экономикалық дамуды қамтамасыз етуді көздейміз. Бұл біздің ел үшін стратегиялық қадам», – деді Халықтық штаб мүшесі Меруерт Молдашева.

Кездесуде ауыл тұрғындары атом электр станцияларының заманауи технологиялары мен қауіпсіздік жүйелері туралы толық ақпарат алды. Штаб өкілдері АЭС салудың экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері және инфрақұрылымды дамытудағы маңызын ерекше атап өтті.

RELATED ARTICLES

Референдум 2024

Референдум 2024

Референдум 2024

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments