Сенбі, Қыркүйек 24, 2022
Басты бет Жаңалықтар Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

Ақындар мен батырлар елі атанған Жамбыл ауданының даңқын əлемдік аренада асқақтатып жүрген жастарымыз аз емес. Олар еліміздің көк туын желбіретіп, əлемнің əр түкпірінде Əнұранымызды шырқатып, абыройымызды асырып жүр. Сол спортшылар биылғы жылды да жағымды жаңалықпен бастады.

Мəселен, Украина елінде Днепропетровск облысы, Кривой Рог қаласында бокстан ерлер арасында КСРО спорт шебері В.Асауленконы еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнирде жерлесіміз Дархан Дүйсебай рингке шығып, қарсыластарына дес бермей чемпион атанса, сол турнирде 52 келі салмақта өнер көрсеткен Дамир Əбдіқадыр да чемпион атанды. Былғары қолғап шеберлерінің мұндай жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Ерболат Айнабековтің қосқан үлесі зор.

Ал, 4-7 наурыз аралығында Италияның Рим қаласында еркін күрестен ерлер арасында өткен халықаралық жарыста Мадияр Құрамысовтың шəкірті Адлан Асқаров боз кілемде алдына жан салмай белдесіп, чемпион атағын жеңіп алды. Дəл осы жарыста қыздар арасында еркін күрестен өткен халықаралық жарыста Жəмила Бақбергенова чемпион атанса, Диана Коюмова жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Жылды табысты жетістіктерімен бастаған жерлестеріміздің алдағы уақытта да биік тұғырлардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңіс құтты болсын, Жамбыл ауданының жалын жігерлі спортшылары!

Елдар ЖАҚЫПБЕКОВ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments