Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бет101 хабарлайдыМұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері!

Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі – азаматтардың мұз үстінде жүру тәртібін сақтамауы салдарынан орын алатын қайғылы жағдайлар. Жыл сайын орын алып жатқан адам қазасы да, көптеген азаматқа сабақ болмауы, әрине өкінішті-ақ. Көп жағдайда мұз үстіне балық аулау үшін немесе жол қысқарту мақсатында су айдындарын кесіп өтетіндігі бәрімізге мәлім, дегенмен де өз өмірін тәуекелге тігіп, сақтық шараларын ұмытуға болмайтындығын әрқашан естен шығармаған абзал. Ауа райының жылы болуынан аудан көлеміндегі барлық су айдындарында және өзендерде мұздың қалындығы жұқа және әр жерден жарықтар пайда болуына байланысты мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес. Осы орайда, мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды.
1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
5) мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.
Жеке құтқару құралдары болғанда ғана мұз үстінде балық аулауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар мұз астынан балық аулау кезінде:
1) шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;
2) мұз үстінде от жағуға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар су айдындарының маңында орналасқан елді мекен тұрғындары өз балаларының мұз үстіне шығып ойнамауына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатаң қадағалағаны абзал.

                                                                             Жамбыл ауданы ТЖБ аға инженері Асқар Орусбаев

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments