Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарОтбасы банк арқылы қалай пәтер алуға болады?

Отбасы банк арқылы қалай пәтер алуға болады?

Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары Жамбыл ауданының  әкімдігі Ұзынағаш ауылында көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатқанын хабарлауға асығамыз. Жақын арада 180 пәтер халықтың игілігіне беріледі. Пәтерлерді «Отбасы банкте» ипотека рәсімдеу арқылы ала аласыздар.

Тұрғын үйді тиімді шарттармен алу үшін сіз «Отбасы Банк» салымшысы болуыңыз керек. Қызығушылық танытқан клиенттер бүгін шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарта алады.

Ол үшін Ұзынағаш ауылында орналасқан «Отбасы Банк» кеңес орталығына жолығып шот ашып, тегін кеңес алсаңыздар болады. Мекен жайы: Абай көшесі 47, ә қабат (Жамбыл аудандық білім бөлімінің ғимараты).

Айта кету керек, 5 қабатты 3 тұғын үй Ұзынағаш ауылындағы ең жаңа әрі болашағы зор шағын аудандардың бірінде орналасқан. Мердігер – нарықта аты жақсы жағымен танылған, жұмысы сапалы «Талас-Құрылыс» ЖШС.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments