Четверг, 30 мая, 2024
Басты бетӨзге айдарлар"Регель қызғалдағы" гүлдеді

«Регель қызғалдағы» гүлдеді

Регель қызғалдағы лалагүлдер туысына жататын өсімдік. Қазақстанда Іле-Шу тауының аласа жоталары мен оның айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін эндемик өсімдік. Регель қызғалдағы қолдан өсіруге оңай көнеді, бірақ құрғақ және күн жақсы түсетін топырақты қажет етеді. Бұл түр әсемдігі жағынан аса құнды емес, сондықтан ботаникалық бақтарда аз кездесетіндіктен ерекше түр ретінде сақталады. Әсемдік сапасы жоғары болмағанмен теориялық мәні бар. Азайып кетуіне байланысты еліміздің «Қызыл кітабына» енген.

Регель қызғалдағының биіктігі бар болғаны 5-10 см. Елімізде наурыз,  сәуір айының аяғында, Ташкент ботаника бағында өсірілгендері наурыз айында гүлдейді.

Сирек кездесетін өсімдіктің бұл түрі Жамбыл ауданы,«Таңбалы» мемлекеттік тариxи-мәдени және табиғи музей-қорығында наурыздың 25-нен 26-на қараған түні гүлдегенін айта кеткен жөн. Жылына бір рет қана гүлдейтін Регель қызғалдағын тамашалап, оның тарихына терең үңілу  үшін арнайы түсірілім тобы да келген көрінеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments