Четверг, 26 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарРеспублика күні 20 мың полиция мен әскери қызметкер күшейтілген кезекшілікке шығады

Республика күні 20 мың полиция мен әскери қызметкер күшейтілген кезекшілікке шығады

Қазанның 24-і мен 26-сы аралығында Қазақстан полициясы Республика күнін мерекелеу кезінде құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген тәртіпке көшеді.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полициясы бастығының орынбасары Әлібек Кеңіспаев мәлім етті.

Кеңіспаев бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерлерінің саны 20 мыңға жететінін атап өтті.

«Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесе отырып, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындары келісіліп, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды»,-  деді ол.

Полиция жасақтарының маршруттары бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау арқылы азаматтар көп жиналатын және демалатын орындарға жақын болады. Сондай-ақ жағдайды бақылау үшін Ішкі істер министрлігінің базасында жедел штаб орналасады. Осындай штабтардың жұмысы еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments