Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқСыбайластықтан сақтаныңыздар!

Сыбайластықтан сақтаныңыздар!

Жуырда Жамбыл аудандық қорғаныс істері бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі комиссияның жалпы отырысы өтті. Онда комиссия төрағасы, капитан Алмас Кұрманақынов сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мəселелерді алға тартып, осындай себептерді туындататын жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы баяндама жасады.

Қарулы Күштерде орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерге тоқталып өтті. Əскери қызметте жəне қызметтен тыс уақытта жеке құрамды сыбайлас жемқорлық қылмыстарына нөлдік төзімділік қағидасын ұстануға шақырды.

 Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының баптарын жеке құрам қайта зерделеді. Комиссия отырысында заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар туралы ақпараттық анықтама арнайы мəлім етілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы мен құқық бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар, пара алу, пара беру болашақта бас бостандығынан айыруға себеп болатын аса ауыр қылмыс екені əскери қызметшілерге жан-жақты түсіндірілді.

Алтынкүл ƏДІЛОВА,

Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments