Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Жаңалықтар Талғардағы бизнес нысандарына 14 млн. 585 мың теңгеге айыппұл салынды

Талғардағы бизнес нысандарына 14 млн. 585 мың теңгеге айыппұл салынды

Талғар ауданында 2020 жылдың басынан бастап 5396 адамнан зертханалық сынамалардың нәтижесінде «COVID-19» індеті анықталды. Олардың 1327-інде ауру белгілері байқалмаған, 4045-сі сиптомды. Қазіргі кезде 318 науқас амбулаториялық ем қабылдаса, 751 тұрғын үй карантинінде жатыр,-деп хабарлайды Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі.

Талғар ауданында екпе алу қарқынды. Аймақтағы медицина қызметкерлерінің 97%-ы, білім ошақтарындағы мамандардың 89,8%-ы, аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің 86%-ы, құқық қорғау органдарының мамандарының 82%-ы, студенттердің 37,1%-ы вакцина салдырғандар қатарында. Ұзын-саны 36 877 адам екпе алған.

Ауданда, коронавируспен күрес жан-жақты жүзеге асуда. Науқастарды емедеп, тұрғындардың екпе алуынан бөлек, қоғамдық орындардағы карантин талаптарының сақталуы да басты назарда. Талғар ауданында жыл басынан мониторингтік топтар 1834 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 14 608 нысанды қамтыды. Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 155 жағдай анықталған. Нәтижесінде, жалпы сомасы 14 585 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments