2025 жылғы 13 маусым күні Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңес төрағасы Б. Алиев, Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі М.Мукашев, ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Байсабаев “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына барып, мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Нысан – ЮНЕСКО мұрасына енген, еліміздегі ерекше тарихи орындардың бірі.Туристік әлеуеті зор бұл мекенге қызығушылық жыл сайын артып келеді.
Зерттеу барысында петроглифтердің сақталу деңгейі бірқалыпты екені анықталды.
Алайда, жаяу жүргінші бағыттары мен ақпараттық тақтайшаларды жаңарту қажеттілігі байқалды және оларды жаңалау бойынша ұсыныс берілді.
Экологиялық туризм қағидаттарын сақтай отырып, табиғат пен тарихты бірге қорғау – ортақ міндетіміз.
#Таңбалы #ЖамбылАуданы #МәдениМұра #ТарихиНысан #ҚазақстанТарихы #Экотуризм #ЖаңғырғанҚазақстан