Site icon Атамекен

ХҚО-ға бармас бұрын нені білген жөн?

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 90% -дан астамын электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде ала алады. Оған қоса eGov Mobile мобильді қосымшасы, телеграмда @kenes1414bot секілді пайдалы баламалары тағы бар.

Ал егер сізге керек қызмет тек ХҚО-да қағаз жүзінде көрсетілетін қалған 10%-дың ішінде болса ше?
Төмендегі қарапайым кеңестерге құлақ ассаңыз, уақытыңызды үнемдейсіз:

1. Алар қызметіңіз электронды порталда рәсімделмейтініне тағы бір рет көз жеткізіңіз, себебі онлайн-қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады;

2. Онлайн баламасы жоқ па? Онда ХҚО-ға бару үшін кезекті брондауға кеңес береміз. Әрине, бұл міндетті емес, алайда брон жасау арқылы уақытыңызды үнемдейсіз. Тек белгіленген уақыттан 10-15 минут бұрын келсеңіз болды;

3. Жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз. Құжатыңыздың мерзімі аяқталып қалған жоқ па? Оны да қарап қойыңыз;

4. Кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін сізден белгілі бір құжаттар пакеті сұратылуы мүмкін. Ол туралы алдын ала 1414 байланыс орталығынан нақтылап алыңыз.

Exit mobile version