Site icon Атамекен

шейх Тамим бин Хамад Әл-Тани атындағы «Anti-Corruption Excellence Award» халықаралық сыйлығын беруге өтінімдерді қабылдау

Жаһандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы көрнекті күш-жігерді тану және ілгерілету үшін құрылған шейх Тамим бин Хамад Әл-Тани атындағы «Anti-Corruption Excellence Award» халықаралық сыйлығын беруге өтінімдерді қабылдау

Үміткер ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсыныла алады. Оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары немесе халықаралық ұйымдар ұсына алады.

Өзін-өзі ұсынуға жол берілмейді – үміткерлер тек номинатор тарапынан ұсынылуы тиіс.

Өтінімдер тек ресми онлайн-платформа (www.aceaward.com) арқылы қабылданады.

Номинаторлар үміткердің жетістіктері туралы толық ақпаратты және растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Барлық ұсынылған кандидатуралар құпия түрде қаралады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы Anti-Corruption Excellence Award сыйлығы төрт негізгі номинация бойынша беріледі:

Барлық үміткерлер келесі критерийлер бойынша бағаланады:

Жеңімпаздар 2025 жылғы желтоқсанда өтетін салтанатты рәсімде марапатталып, арнайы жүлде мен мүсіншеге ие болады.

Exit mobile version