Site icon Атамекен

Қазақстандық мерген Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық мерген Никита Чирюкин индонезиядағы оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен  олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медаль жеңіп алды.

Никита Чирюкин Қазақстан Ұлттық құрамасының штаттық мүшесі, Шымкент қаласының өкілі

Exit mobile version