Синоптиктер 6-8 қаңтарға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері белсенді Атлантика циклоны және одан туындайтын атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.
6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте де жауын-шашын көп болады.
7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады.
Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің батысына, солтүстік-батысына, солтүстігіне және шығысына Солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары келеді.
Осының салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді.
Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта күн райы 8-25 аязға дейін, солтүстікте 5-30 аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 аязға дейін суытады.
Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны минус 5 және плюс 7 градус болады.