Site icon Атамекен

Құранды қолмен жазып шыққан әйгілі шейх Осман Тоhә қазақ жеріне келді

Әлемге әйгілі сириялық каллиграф шейх Осман Тоһә атамекені Қазақстанға келді, — деп хабарлайды TurkistanTv.Бұл оның ата-баба мекеніне тұңғыш табан тіреуі. Оның ұлты – қазақ. Қазақстанға арнайы келген 93 жастағы Осман Тоһә Шымкенттегі «Сейтжан қари» мешітінің ашылуына қатысты. Айтуынша бабалары Түркістанда тұрған. Осыдан шамамен 150 жылдай бұрын Шам жеріне қоныс аударыпты. Қазір шейх Мәдина қаласында тұрады. Әлі күнге қазақ тілін ұмытпаған. Ол Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған.

Exit mobile version