Site icon Атамекен

Өрт қауіпті кезеңде сақтық шаралары күшейді

Жамбыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде қурап қалған шөпті, орылған егістіктерді өртеуге тыйым салу туралы ескертеді.
          Өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бастап өрт жағдайлары қиындап барады. Әдетте, бұл кезеңде қурап қалған шөпті, қоқысты рұқсатсыз өртеуге болмайды, орман және далалық өрттері де жиі шығып тұрады.
Статистикаға сүйенсек, орман және далалық өрттердің пайда болуы – сөндірілмеген от, қалдырылған темекі тұқылдары және сіріңкелер, қоқысты өртеуден болатынын айғақтайды.
          Табиғатқа шыққанда отпен аса абай болыңыздар, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар.
          Өрт болған жағдайда «101» және «112» телефоны бойынша өрт сөндіру бөліміне және қайда өртеніп жатқанын, өрттің қауіптілігін, кімнің хабарлағанын айта отырып дереу хабарлау қажет.

Жамбыл ауданы ТЖБ

Exit mobile version