Среда, 24 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарӨскелең ауылдағы өрнекті істер

Өскелең ауылдағы өрнекті істер

Жуырда аудан əкімі Нұрлан Ертас Мыңбаев ауылына арнайы барып, мəдениет үйінде тұрғындарымен еркін форматта кездесу өткізді.

Ол алдымен Жамбыл ауданында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтіп: – Мыңбаев ауылдық округі өсімі жағынан алдыңғы қатардағы ауыл саналады. Оның бір көрінісі мына жаңа балабақшаның пайдалануға берілгені. Биыл Тəуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар ұлы жырау – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейін атап өтудеміз. Осынау елеулі қуаныштар қарсаңында ауданда ауыз толтырып айтатын ауқымды жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Біз ең алдымен сіздердің округтегі ауыз су мəселесін алғашқы кезекте шешуді қолға алдық. Сөйтіп су жүйесін жүргізудің жобасы дайындалып, сараптамаға жолданды Демографиялық жағдай да жаман емес, аудан бойынша жылына бес мыңнан астам нəресте дүниеге келеді. Бұл жақсы көрсеткіш. Халықтың өскені қуаныш. Жұмысшы күші ұлғайса, экономикалық қуатымыз да арта түседі, – деді.

 Жиынға қатысқан ауыл активтері де ауылдың даму деңгейі көтеріле түскенін тілге тиек етті. Нұрлан Ертасұлы осы ауылдағы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт кешеніне барып спортшыларменде кездесу өткізді. 8 жас пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер ішінде əлемдік жəне республикалық жарыстарда топ жарған жас талапкерлер бар екен.

 Аудан əкімі осы кешеннің ашылуына себепші болған, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, балуан Жақсылық Үшкемпіровті көпшілікпен бірге үнсіздікпен еске алды. Жас спортшыларды өзіндік жетістіктерімен құттықтап, болашақта биік белестен көрінуіне тілектестігін білдірді. Оларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарын табыстады.

Аудан əкімі Мыңбаев орта мектебіне барып жаңа оқу жылы алдында бірқатар оқушыларға мектеп формасы мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды сыйлады.

Б.АЙТАЛЫ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments