Site icon Атамекен

Автогаз құю станцияларына рейд жүргізіледі

Елімізде стационарлық автомобильді газ құю станциясында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шаралары басты назарда. Осыған орай, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

«Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тапсырмасымен БАҚ құралдарында ақпараттық жұмыстары қолға алынады. Өңірге қарасты аудан-қалалардың әкімдіктері жанынан арнайы топтар құрылады. Оған департаменттің мамандары да мүше болады. Олар
автогаз құю станцияларында 3 рейдтік тексеру жүргізбек», — деді Арман Сагимбетов
Рейд барысында субъектілердің басшыларына заң тармақтары түсіндірілмек. Айта кетерлігі, ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына сәйкес «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарының» 129 тармағында көрсетілгендей Стационарлық автомобильді газ құю станциясында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді.
Былтыр Департамент атына АГҚС-қа тұрмыстық баллондарды құю фактілері бойынша бір өтініш келіп түсті. Ұсынылған материалдар негізінде жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оған 45 945 теңге айыппұл салынды.

Exit mobile version