Қытайлық инвесторлардың Қазақстанға, оның ішінде Түркістан облысына көкөністерді терең өңдеу саласына инвестиция салу туралы шешімін үлкен қуанышпен қарсы аламыз. Бұл – еліміз үшін, халқымыз үшін маңызды әрі құптарлық бастама.
Біздің ата-бабамыз жерді қадірлеп, егін егіп, мал бағып, еңбектің қасиетін білген дана халық. Қазіргі заманда сол дәстүрлерімізді жаңа технологиямен, заманауи өңдеу әдістерімен толықтырып, өнімге қосымша құн қосу – ел экономикасын көтерудің жолы.
Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың тереңдей түсуі осындай нақты жобалар арқылы көрініс табатынына сенеміз. Бұл тек экономикалық емес, рухани байланысымызды да нығайтатын игі бастама деп білемін. Самсы ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы М. Шинтемировф