Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетСайлау—2023Адал азаматтар келсе екен...

Адал азаматтар келсе екен…

Қонаев қаласының тұрғыны Бақытжан Әбуқожанов бұған дейінгі сайлаулардың бірде-біреуінен қалып көрмеген. Ұлтқа деген махаббаты сөзінен анық аңғарылатын азамат ел болашағына ерекше елеңдейді. Халықтың үнін тыңдап, билік пен тұрғындар арасындағы алтын көпірді жалғайтын депутаттардың Отанға сүйіспеншілігі айрықша болса дейді. Ол өз сөзінде:
— Бүгінгі саяси науқанда 937-ші нөмірлі сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасап, қалаған кандидатыма дауыс бердім. Депутаттарды халық сайлаған соң адал жұмыс істеп, шынайы махаббатын елге арнаса деймін,- деп тілеуін де жолдап қалды. Өмірден көрген, білгені жоғары, биыл зейнет жасына толатын Бақытжан Әбуқожанов әділеттіліктен адаспау басты қағида екенін жасырмады

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments