Site icon ATAMEKEN

Адами капитал – конституциялық реформалардың стратегиялық өзегі

Соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған конституциялық реформалар мен құқықтық өзгерістер мемлекеттің даму векторларын жаңаша айқындап берді. Жаңартылған Ата Заңымыз саяси-құқықтық жүйені жаңғыртып қана қоймай, адамикапиталды, білім, ғылым, инновация мен еңбек құндылығын мемлекеттік саясаттыңең басты басымдығы ретінде заңнамалық деңгейде бекітті.

Конституциядағы бұл өзгерістер – құрғақ декларация емес. Ол әрбір азаматтыңеңбек етуге, сапалы кәсіптік білім алуға, заманауи құзыреттерді меңгеруге және өзәлеуетін толық жүзеге асыруға кепілдік беретін практикалық механизм. Президент айқындап берген «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» концепциясыКонституциялық принциптердің қоғамдағы нақты көрінісіне айналды.

Бүгінгі таңда өңірлік деңгейде бұл нормалардың қалай жүзеге асып жатқанынЖамбыл ауданындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің тәжірибесінен айқын көругеболады. Осы орайда оқу орнының директоры Болат Бекбосынұлы Алтаевпен болғансараптамалық сұхбат конституциялық өзгерістердің өндіріс пен білім беру саласындағы нақты нәтижелерін айшықтап берді.

Ата Заңымыз мемлекеттің басқару және даму үлгісінде азаматтың білімі мен дағдысын ең басты капитал ретінде айқындайды. Бұл бағыт мемлекеттікбағдарламалар мен құқықтық актілерге серпін беріп, кәсіптік-техникалық білім беру (КТО) жүйесін түбегейлі жаңартуға жол ашты.

Болат АЛТАЕВ, Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры:

«Конституция – елдің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын стратегиялық құжат. Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру саласын дамыту, жас мамандарды қолдаубойынша қабылданып жатқан құқықтық құжаттар білім беру жүйесіне мүлдем жаңасерпін берді. Қазіргі кезең экономиканы инновациялық жолмен дамытудыміндеттейді. Ал кез келген жаңашылдықтың негізін заман талабына сай біліктікадрлар құрайды.

Біз бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, білім ордасындағы жұмыстарды жүйеліжолға қойдық. Студенттер су жаңа техникалармен, заманауи лабораторияларменжәне виртуалды тренажер-симуляторлармен оқиды. Білім берудің дуальды жүйесінтиімді қолдану нәтижесінде біздің мекеме республикалық рейтингтегі төменгісатыдан облыс бойынша бірінші орынға бір-ақ көтерілді. Мұнда студенттеруақытының басым бөлігін құрғақ теорияға емес, тікелей өндіріс орындарында, нақты жұмыс үстінде шеберлігін шыңдауға арнайды».

Сараптамалық түйін: Дуальды білім беру модельдерін енгізу және оқуорындарының рейтингте көш бастауы – бұл тек жеке оқу орнының жетістігіемес, Конституциямен бекітілген білім беру сапасын арттыру стратегиясыныңжергілікті жердегі нақты жемісі.

Конституцияның заманауи талаптарға сай цифрлық технологиялар мен ғылыми-инновациялық дамуға басымдық беруі дәстүрлі ауыл шаруашылығы мен өндіріссалаларын да цифрлық трансформацияға итермелеп отыр. Бүгінгі ауыл маманы – бұл жай ғана физикалық еңбек адамы емес, күрделі цифрлық жүйелерді басқаратыноператор мен инженер.

Болат АЛТАЕВ:

«Бүгінгі таңда ұшқышсыз ұшу аппараттары тек бейнетүсірілім құралы емес, ауыл шаруашылығының ажырамас бөлігіне айналды. Сол себепті нарық сұранысындөп баса отырып, цифрлы агро-мамандар даярлауды қолға алмақшымыз.

Мемлекет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осындай жаңартулар енгізужоспарда бар. Ал ол дегеніміз – егіс даласын, көктемгі егістікті қадағалау, мал жайылымын қашықтан шолу және төтенше жағдайлардың алдын алу сияқты күрделіміндеттерді цифрлы технологиямен атқаратын жаңа буын мамандарын даярлау. Жаңа мамандықты енгізу мен оның материалдық базасын құру үшін қыруарқаржының қажеттілігіне қарамастан, артқа шегінбей, жоғары технологиялықмамандықты ауыл балаларына меңгертуді көздеп отырмыз. Бұл – өңіріміздіңболашағына салынған үлкен инвестиция және кадрлық реформаның айқын көрінісі.

Тәжірибелі мамандардың айтуынша, қазіргі трактор мен комбайн баяғықарапайым техника емес, олар GPS навигациясымен, цифрлық басқару жүйесіменжабдықталған күрделі кешендер. Қазіргі таңда алты негізгі бағыттың мамандарыноқытып жатырмыз, атап айтқанда: аспаздар, шаштараздар, автоэлектриктер, дәнекерлеушілер, тракторист-механизаторлар, автослесарьлар. Олар жергіліктішағын цехтарда, сұлулық салондары мен шаруа қожалықтарында нақты тәжірибеденөтіп, нарыққа бейімделуде».

Сараптамалық түйін: Агроөнеркәсіптік кешенге дрондар мен GPS-навигацияланған техникаларды меңгерген мамандарды даярлау – цифрлықтеңсіздікті жоюдың және ауылдық аймақтарда Конституциялық білім алуқұқығын жоғары технологиялық деңгейде қамтамасыз етудің айқын мысалы.

Конституция азаматтардың лайықты еңбек етуіне, еркін кәсіп таңдауына жәнетұрақты табыс табуына кепілдік береді. Десе де, бұл нормаларды іс жүзінде толықашу үшін білім ордасы мен мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушыоргандардың ықпалдастығы маңызды.

Болат АЛТАЕВ:

«Иә, колледждің ішкі әлеуеті жоғары болғанымен, сыртқы инфрақұрылымдықкедергілер дамуға тұсау болып отыр. Бүгінгі таңда колледж тек маман даярлап қанақоймай, оларды жұмыспен қамту миссиясын да өз мойнына алып отыр. Ұжымқолдарынан келгенше, өздерінің жеке байланыстары, серіктес кәсіпкерлеріменкелісе отырып, бітіруші жастарды тұрақты жұмысқа орналастыруды барыншақарастырады.

Сондай-ақ, колледждің білім беру бағытындағы дуальды жүйе кәсіпорынментығыз жұмысты талап етеді. Сондықтан Жамбыл аудандық Мансап орталығыменбірлесіп жұмыс жасаймыз, ондағы мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі зор. Қазіргі уақытта «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша елуге жуық жасмаман түрлі мекемелерге жолданған».

Сараптамалық түйін: Конституциядағы еңбекке қатысты нормалар тек әлеуметтік кепілдік қана емес, ол – колледждер мен Мансап орталықтары, жергілікті бизнестің арасындағы тығыз әріптестікті талап ететінинституционалдық тетік.

Елді дамытудың болашақ бағдары – бұл еңбек мәдениетін қалыптастыру жәнежастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жаңартылған Конституциялыққағидаттар дарынды, ізденімпаз, еңбекқор жас буынды тәрбиелеуге бағытталған.

Болат АЛТАЕВ:

«Оқу орны тарапынан оқу мен білімге, тәжірибеге барлық мүмкіндіктержасалып жатыр. Ендігі колледжде оқып жатқан студенттер мен ертең оқуға түсетінталапкер жастардан күтілетіні – оқу мен ізденуден, дала еңбегі мен қара жұмыстанқашқақтамай, батыл әрі ізденімпаз қадам жасау.

Қазір жастық шақта қолда бар барлық мүмкіндікті кәсіби іргетасты қалайтыналтын уақыт ретінде пайдалану қажет. Мықты кадр даярлау – ортақ міндет. Ауылболашағы – еңбекқор жастардың қолында, ал сол жастарға дұрыс бағыт беріп, тұрақты жұмыспен қамту – мемлекет пен қоғамның тікелей жауапкершілігі».

Сараптамалық түйін: Жастардың еңбек мәдениетін қалыптастыру жәнеоларды адал еңбекке баулу – Ата Заңда бекітілген «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» концепциясының өңірлік деңгейдегі практикалық көрінісі. Ата Заңберген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы жастарды дала еңбегінен немесеөндірістік жұмыстардан қашпай, оны заманауи дағдылармен (цифрлыққұзыреттермен) ұштастыруға бағыттау – елдің кадрлық қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының негізгі кепілі болып табылады.

Конституциялық өзгерістер ұсынған мүмкіндіктер мен стратегиялық бағыттарөңірлік оқу орындарының жұмысына жаңа леп беріп, сапалы өзгерістерге жол ашты. Ата Заң – елдің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын басты құжат болса, оныңөңірлердегі нақты көрінісі – еңбек адамының мәртебесін көтеру мен білікті кадрлардаярлаудан басталады.

Адами капиталға құйылған әрбір инвестиция, өндіріске енгізілген әрбірцифрлық технология және сұранысқа ие даярланған әрбір жас маман – бұл ел экономикасының тұрақтылығы мен Мемлекеттің жасампаз болашағының кепілі. Еңбек пен білім салтанат құрған қоғамда ғана елдің бәсекеге қабілеттілігі артады, ал заманауи технологияны меңгерген ауыл жастары – сол жаңа дәуірдің бастықозғаушы күші болмақ.

Exit mobile version