Теміржол ауылдық округіндегі №337 сайлау учаскесінде сала қызметкерлері белсенділік танытты. Жұмыс барысымен қатар азаматтық міндеттерін де ұмытпаған теміржол саласының мамандары сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.
Сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі бекітілген тәртіпке сай, барлық талаптарды сақтай отырып өтуде. Ел болашағы үшін әрбір азаматтың қосқан үлесі маңызды. Тұрғындар мен түрлі сала қызметкерлерінің осындай маңызды шарада белсенділік көрсетуі — ел бірлігі мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

