Четверг, 7 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтарАйдарлы ауылдық Мәдениет үйінде «Ұлтаралық татулық – ел болашағының тірегі»- ...

Айдарлы ауылдық Мәдениет үйінде «Ұлтаралық татулық – ел болашағының тірегі»- тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жамбыл ауданы, Айдарлы ауылдық Мәдениет үйінде «Ұлтаралық татулық – ел болашағының тірегі»- тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысушылар ел ішіндегі бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту жолдарын талқылады.

Кездесудің негізгі бағыты – медиация болды.
Медиация –келіспеушіліктерді үшінші тарап арқылы бейбіт жолмен келісім арқылы шешу тәсілі.
Этносаралық медиация – көпэтносты қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды құрал. Ол дау-дамайға емес, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген.
Қатысушылар бұл терминнің мән- мағынасын толық түсініп, өз пікірлерімен бөлісіп ұлтаралық қатынастарда бұл жүйенің ерекше маңызды екенін атап өтті.

Аналар кеңесінің мүшелері мен ауыл жастары өзара түсіністік пен сыйластық – ел бірлігінің негізі екенін айтып, медиативтік мәдениетті дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Ұлтаралық татулық – кез келген елдің тұрақтылығы мен дамуының тірегі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments