Site icon Атамекен

Айдарлы ауылдық мәдениет үйінде өткен «Ұлт- ұлысқа ортақ үй – Қазақстан»

Айдарлы ауылдық мәдениет үйінде өткен «Ұлт- ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» тақырыбында өткен танымдық сағатта еліміздегі этносаралық келісім мен татулықтың мәні кеңінен сөз болды. Қатысушылар арасында этномедияция мәні ашық түсіндіріліп, іс -шарада Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, мемлекетіміздің дамуына бірге үлес қосып жатқанының маңыздылығы айтылды. Қатысушыларға бейбітшілік пен өзара сыйластықтың қоғамдағы тұрақтылық пен өркендеудің негізгі кепілі екендігі түсіндірілді.
Танымдық сағатта осы тақырыпта баяндама оқылып, жас жеткіншектердің пікір алмасуымен өрбіді.

Exit mobile version