Жетісу облысы, Алакөл ауданында 11 тамызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тарлан» көпқабатты тұрғын үйлерінің ауласында сенбілік ұйымдастырылды.
Тұрғындар мен белсенділер ауланы тазалап, абаттандыру жұмыстарына қатысты. Мұндай бастамалар елді мекендердің көркеюіне және тұрғындардың ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

