Интернет біздің өмірімізді жеңілдетіп, ыңғайлы етті. Бірақ оның артықшылықтарымен бірге қауіптері де артты. Алаяқтар күн сайын жаңа тәсілдер ойлап тауып, адамдардың ақшасы мен жеке деректерін ұрлауда. Олардың мақсаты – сіздің сеніміңіз бен салғырттығыңызды пайдалану. Бірақ егер сіз негізгі қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, олар сізді алдай алмайды.
Интернет-алаяқтардың ең көп таралған тәсілдері:
-
Банк қызметкерінің атынан қоңырау шалу. Сізге телефон соғып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, картаңызды бұғаттау, кредитті тоқтату, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керектігін айтады. Олар сізден карта нөмірін, SMS-кодты, парольдерді сұрайды. Бұл – алаяқтық! Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан мұндай деректерді сұрамайды.
-
Фишинг – жалған сілтемелер. Сізге SMS, электрондық пошта немесе мессенджер арқылы сілтеме келеді. Онда «деректеріңізді жаңартыңыз», «ұтыс алдыңыз», «сыйлық алыңыз» деген сияқты мәтіндер болады. Сілтемеге өтіп, деректеріңізді енгізсеңіз, олар алаяқтардың қолына түседі.
-
Жалған интернет-дүкендер. Өте төмен бағамен тауарлар сататын сайттар көп. Сіз тауарға ақша төлейсіз, бірақ тауарды алмайсыз. Сатушы байланысқа шықпайды.
-
Инвестициялық алаяқтық. Сізге «тез арада байып кетуді» уәде етеді: «Инвестициялаңыз, айына 100% пайда алыңыз». Әдемі сайт, жалған сертификаттар, суреттер – бұлардың бәрі ойдан шығарылған. Сіз ақша саласыз, ал олар жоғалып кетеді.
-
Жеңіс туралы хабарламалар. Сізге: «Сіз ұтыс ойынында жеңіп қалдыңыз», «Приз алдыңыз» деп хабарлама келеді. Призды алу үшін ақша төлеу немесе деректеріңізді беру керек. Бұл да алаяқтық.

