Қазіргі таңда алкогольді шамадан тыс пайдалану халық денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғамдық тәртіпке кері әсерін тигізетін маңызды әлеуметтік мәселе болып отыр. Алкоголизм адамның физикалық және психикалық денсаулығын бұзып, азаматтардың еңбекке қабілеттілігін төмендетеді, тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтардың санын арттырады.
Осы мәселені шешуде профилактикалық жұмыстар ерекше маңызға ие. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ алкогольдің зияны туралы ақпараттандыру жұмыстары – алкоголизмнің алдын алудың негізгі бағыттары болып табылады.
Денсаулық – әр адамның ең қымбат байлығы. Оны сақтау әркімнің жеке жауапкершілігінде.
#Алкоголизм #СалауаттыӨмір #Денсаулық

