Адам өміріндегі ең үлкен құндылық – денсаулық. Алайда алкогольді шамадан тыс пайдалану бұл баға жетпес байлықты біртіндеп жойып, адамның физикалық және психикалық жағдайын әлсіретеді. Бұл жеке адамның ғана проблемасы емес – алкоголизм отбасының берекесін кетіріп, тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтарға себеп болып, бүкіл қоғамға орны толмас зиян келтіреді.
Алкоголизмнің алдын алу – тек дәрігерлердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Бұл үшін салауатты өмір салтын ұстану, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттердің салдары туралы кеңінен ақпараттандыру қажет. Спортпен шұғылдану, салауатты тамақтану, пайдалы хоббилермен айналысу – мұның бәрі адамды зиянды әдеттерден алыс ұстап, оның өмірін мағыналы әрі толыққанды етеді.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Оны сақтау әр адамның өз қолында. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Есіңізде болсын: дені сау адам – бақытты адам!
#Алкоголизм #СалауаттыӨмір #Денсаулық

