Site icon ATAMEKEN

Алматыда жастар «Таза Қазақстанға» үлес қосты

Алматыда 600-ден астам жас «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы EcoDay экологиялық акциясына қатысты. Шара ALMA LOVE 2026 жастар фестивалінің алғашқы күні ұйымдастырылды.

Қала жастары бірнеше ауданда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруге атсалысты. Экологиялық акция жастардың туған қалаға деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Exit mobile version