Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысынан ХІХ жазғы Азия ойындарына 10 спортшы қатысуда

Алматы облысынан ХІХ жазғы Азия ойындарына 10 спортшы қатысуда

ҚХР Ханжоу қаласында 23 қыркүйекте басталған Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді. Биылғы жылдың басты спорттық додасында Алматы облысынан 8 спорт түрінен 10 спортшы ел намысын қорғауда.
Жарыстың бесінші күні Алматы облысының спортшыларының айы оңынан туды. Өңіріміздің сұр мергені стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Спортшы іріктеу кезеңінде 119 мәрте, ал финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді.
«Күні кеше Қазақстан құрамасының сапында облысымыздың спортшысы стенд ату спорт түрінен әйелдер құрамасы скит бағдарламасы бойынша командалық 1-орынды иеленіп, еліміздің қоржынына бірінші алтын жүлдені сыйлады және де 350 ұпай жинап Азия ойындарының рекордын орнатты»,-деді Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков.

Сондай-ақ, Эдуард Ещенко жекелей сында 118 мәрте нысанаға дәл көздеп 9-шы орынмен жарысты аяқтады. Командалық есепте ерлер құрамасы 4-ші орын алса, жағажай волейболынан Кабулбекова Лаура мен Иванченко Надежда 1/8 финалда Жапония құрамасына есе жіберіп, 9-орынға тұрақтады.
Ал күні бүгін облысымыздың мергендері Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко жұптық Skeet Mix жаттығуы бойынша сынға түсіп, алтын медальді ел қоржынына салды.
Ерболат Сарабековтың айтуынша, алдағы күндері, өңірімізден шыққан спортшы байдарка мен каноэда есуден Игорь Рященцев жарыс жолына шығады. Сонымен қатар,әйелдер күресінен 53 келі салмақта Марина Седнеева және Мариан Ордабаева джиу-джитсудан 63 келі салмақта жүлделі орынды сарапқа салады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments