Site icon Атамекен

Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Сейтбекқызы биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

2024 жылдың басынан бері 325 тарифтік өтінім қаралып, оның 204-і талаптарға сәйкес болмағандықтан қабылданбады. Соған қарамастан, 55 жаңа тариф бекітіліп, тұрғындарға 117 миллион теңге қайтарылды. Сонымен қатар, жылу есептегіш аспаптары жоқ тұтынушыларға 18 миллион теңге өтелген.

Тарифтерді есептеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Енді су аз пайдаланылса, төлем де аз болады. Мәселен, айына 3 текше метрге дейін су пайдаланатындар ең төменгі тарифпен төлейді, ал 3-тен 5 текше метрге дейінгі тұтынушылар 20%-ға жоғары тарифпен есептеседі. Егер тұтыну көлемі 5-тен 10 текше метрге дейін болса, тариф 50%-ға артады. 10 текше метрден асатын жағдайда ең жоғары тариф қолданылады. Бұл жүйе отбасыларды ресурстарды үнемдеуге ынталандырады.

Сонымен қатар, тарифтік өзгерістер инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2024 жылы басталған жобалар аясында желілер жаңартылып, қызмет сапасы артуда. Жиналған қаражат жаңа жабдықтар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалып, желілердің тозуы азайтылып жатыр.

«Тарифтік өзгерістер тек бағаны реттеуге ғана емес, сонымен қатар қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Инвестицияларды тиімді пайдалану арқылы біз инфрақұрылымды жаңартып, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырамыз,»– деп атап өтті Гүлмира Сейтбекқызы. Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

 

Exit mobile version