Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы тиісті қаулыға қол қойды. Онда Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, жаңа атауға ие болды.
Елді мекен Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай шамамен 47 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті халық суармалы егіншілікке ден қойған. Себебі Қапшағай бөгені қала маңына жақын. Тұрғын саны — 20 мың. Жаңа Алатау қаласында 5 балабақша, жалпы білім беретін 3 орта мектеп, емхана, теміржол вокзалы, аэродром және шағын әскери қалашық бар.