Site icon Атамекен

Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

АИТВ-инфекциясы өршіп тұр. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр әлемде дәл осы дертті жұқтырғандар саны 39,9 млн адамға жеткен. Ең өкініштісі, 630 мың адам ЖИТС-тен қайтыс болған. Ал, Алматы облысында жыл басынан бері АИТВ-инфекциясының 102 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз — мәслихатында белгілі болды.

Мамандар, статистикалық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға азайғанын алға тартуда. Тек кешенді ем-дом шараларының арқасында оң нәтежиеге қол жеткізілген.

«Облыста соңғы бес жылда АИТВ жұқтырған адамдарды антиретровирустық емдеумен (АРТ) қамту 2020 жылғы 70%-дан 2025 жылы 90%-ға дейін артты.Бұл індетпен күресу бойынша жұмыс сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Яғни оң динамика жаңа жағдайлардың азаюы байқалады»,-дейді ШЖҚ «ККМУ» МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлмира Жақанова.
Бүгінгі таңда аймақта АИТВ-инфекциясымен диспансерлік тіркеуде тұрған 2500 науқас бар.
Мамандардың айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жүкті әйелдер ерекше бақылауда болады. Жүктіліктің алғашқы скринингінен бастап жүкті әйелді ЖИТС орталығының гинекологы мен тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) маманы бірлесіп бақылайды екен.

«Жүктілік барысы АИТВ-теріс мәртебесі бар әйелдерге қарағанда айтарлықтай ерекшеленбейді. Жыл сайын АИТВ-инфекциясы анықталған аналардан 95% және одан жоғары антиретровирустық терапияға (АРТ) бейілділік жағдайында туған шамамен 40 сау бала тіркеледі»,-дейді «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК инвекционист дәрігері Саниям Махмутова.

Exit mobile version