Вторник, 9 декабря, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев ауыл шаруашылығы саласында белсенділік танытып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады. Іс-шара барысында түрлі санат бойынша 40-қа жуық маман мемлекеттік наградалар мен облыс әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.

Марапатталғандардың қатарында III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен екі азамат наградталды. Олар – «Айқын» шаруа қожалығының зоотехнигі Даулетбек Жанботаев және «Green Eco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Роман Шнайдерман.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі төрт азаматқа табысталды. Атап айтқанда, «Мырзағали» шаруа қожалығының бақташысы Нұрбол Жұмабек, «Alma Prodex» ЖШС директоры Қалиахат Үскімбаев, «Алатау Құс» ЖШС бас директоры Жанна Құрмашева және Кеген орман шаруашылығының директоры Айболат Солтанғазиев жоғары марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен бес маман марапатталды. Олар – «Алтынбаева» шаруа қожалығының зоотехнигі Еркінбек Бейсенбаев, «TUR-FERMA» шаруа қожалығының зоотехнигі Нұрбол Түрбеков, «Алматы» асыл тұқымды орталығының ұрықтандырушы технигі Дияр Жазықбаев, «Өркен Дала» ЖШС агрономы Дархан Сонабаев және «Агроном» шаруа қожалығының зоотехнигі Алия Сулейменова.

Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасына» екі азамат ие болды. Олар – Балқаш ауданындағы «Бақанас Мұғалжар» шаруа қожалығының басшысы Қонақбай Жұмабеков және Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Назира Қашкинбаева.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен салаға ұзақ жылдар адал еңбек еткен төрт азамат марапатталды. Олар – Алматы облысы бойынша Ауыл партиясының төрағасы Қанат Бекиев, «Иссыкский плодоконсервный завод» ЖШС директоры Бақыт Болысбаев, «Аяжан» шаруа қожалығының басшысы Төлғожа Мұханов және мал шаруашылығы саласының ардагер зоотехнигі Бақыт Сыдықов.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен 12 маман марапатталды. Олардың қатарында «Eurasian Green Product» ЖШС директоры Марат Қартабаев, «Қарғалы Крахмал» ЖШС механизаторы Сағынбай Сейтмұратов, облыстық аумақтық инспекция басшысы Дархан Әбілғазиев, инспекция маманы Айдар Ержигитов, «Наурызбай» шаруа қожалығының басшысы Бағдат Әжінұров, «Tengri Milk» ЖШС директоры Жазира Шаяхмет, «Ерік» шаруа қожалығының зоотехнигі Мұрат Малдыбаев, «Агро Балтабай» ЖШС агрономы Ислам Хуршудов, Алматы асыл тұқымды ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Рүстем Ахметжанов, «Нажимидинов» шаруа қожалығының басшысы Жүнісәлі Нажимидинов, Балқаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әліпбек Бөпешбаев және басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Димаш Сыдықов бар.

Сонымен қатар, тағы 9 азамат «Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясы бойынша, ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырудағы белсенділігі үшін 10 маман арнайы марапаттарға ие болды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сиражиддинұлы Сұлтанов ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала жетістіктеріне ерекше тоқталды.

“Құрметті Алматы облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – агрономдар мен механизаторларға, сауыншы мен шопандарға және өзге де ауыл шаруашылығы саласының мамандарына құрмет көрсетілетін күн. Биылғы жыл агроөнеркәсіптік жетістіктерге толы болды. Бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдаудың және еңбек адамдарының маңдай терінің арқасында соңғы екі жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Осы жоғары көрсеткіштерге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін”, – деді вице-министр.

Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі мен тұрақты ізденісі – өңір дамуының негізгі тірегі. Бүгінгі марапаттау рәсімі Алматы облысының агросаласы алдағы кезеңде де сенімді өсім мен жаңа жетістіктерге қол жеткізетінін айқын көрсетті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments