«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты ретінде инвесторлардың бастамаларына қолдау көрсете отырып, облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Гүлбану Пазылхаированың қатысуымен шетелдік және отандық ірі инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізді.
Маңызды кездесуде, аймақ басшысы Амандық Баталов «Valley KUSTO GB BV» американдық компаниясымен заманауи суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқаруға арналған жабдықтарды өндіру бойынша толық циклді зауыт құрылысын іске асыру жоспарлары талқылады. Негізі кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 мың «Valley» көліктерін құрайды. Аталған компаниядан 10 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 4000 механикаландырылған суару машиналары сатып алынады деп күтілуде. Жобаның құны 51 млн АҚШ долларды құрап отыр. Нәтижесінде, жаңа 150 жұмыс орны құрылмақ.
Кезедсу барысында Амандық Ғаббасұлы су үнемдеу технологиясы ауыл шаруашылығын дамыту жолында ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.
«Су үнемдеу технологияларын енгізу өңірдің және жалпы еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін ерекше маңызға ие. Жаңбырлатқыш қондырғыларды қолдану су шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өңдеу және өнеркәсіптің басқа салаларында да көрініс табады. Инвестициялар тарту, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын ашу — Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің маңызды тапсырмаларының бірі. Жылдан жылға су ресурстары азайып келеді. Бұл экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін. Сондықтан бізге озық технологияларды пайдалана отырып, заманауи өндіріс құру қажет. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсететін боламыз»,-деді өз сөзінде.
«ТехноНиколь» ресейлік корпорациясы өкілдерімен кездесуде екі зауыттың бас жоспары, нысандарды 3D визуализациялау және жобаны іске асыру кестесі таныстырылды. Қос бірдеу кәсіәпорын Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағының аумағында орын теппек. Алдағы таңда жылу оқшаулағыш құрылыс материалдарын өндіретін болады. Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен 43 млрд теңгені құрайды, 200-ден астам жұмыс орны құрылады. Корпорация — әлемнің 7 елінде 57 өндірістік алаңы бар сенімді және тиімді құрылыс материалдары мен жүйелерінің жетекші халықаралық өндірушісі болып табылады. Жобаны іске қосу өңірде және республикада материалдармен қамтамасыз ету мәселесін шешіп, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаны уақытылы іске асыру мақсатында облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар беріп, жобаны «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеуді Өңірлік даму институтына жүктеді.
«Zhetysu Koy Baumann GmbH & Co KG» ЖШС-мен кездесу барысында жобаны іске қосудың негізгі кезеңдері қаралып, бірқатар техникалық мәселелер шешілді. (Жобалық қуаттылығы жылына 30 мың тонна дайын өнім. Инвестиция сомасы 12,3 млрд теңге. 450 жұмыс орны құрылады) Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылымды жеткізу және зауытты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, ірі инвесторлармен қатар, облыс орталығына тиіп тұрған, Ескелді ауданындағы «Дүйсенбінов» ШҚ, «Нам» ШҚ басшыларымен де кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде «Дүйсенбінов» ШҚ базасында 200 бас «ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы» мен Ескелді ауданындағы 1100 тонна ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған тоңазытқыш кешенінің жобасы таныстырылды.
Амандық Баталов жобалардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін өзекті екенін атап өтіп, жобаларды «Жетісу» ӘКК-мен бірлесіп жүзеге асыруды тапсырды.
«Мамыр-маусым айларында картоп, пияз, сәбіз және басқа да көкөністер мен азық-түлік бағасының өсуі байқалады. Сондықтан тоңазытқыш кешендерімен жабдықталған заманауи көкөніс қоймасының құрылысы жиналған өнімді сақтауға және әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда желілері арқылы өткізуге, сол арқылы бағаны ұстап тұруға және бақылауға мүмкіндік береді»,-деп айтты облыс әкімі Амандық Баталов.
Жиын қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жетісу» Өңірлік даму институтына «бір терезе» және follow up қағидаты бойынша инвесторларды тарту және сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Өз кезегінде инвесторлар өңір басшысына бизнесті қолдау мен қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру бойынша белсенді шаралар қабылдағаны үшін алғыс білдірді.