Оның айтуынша,
тарихын таныған, мәдениетін қадірлеген елдің рухы биік болады. Сондықтан Қапез Байғабылұлының бай мұрасын дәріптеу – баршамызға ортақ міндет. Ағартушы-қайраткердің тағылымды мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталып, ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне қызмет ете береді.
Сондай-ақ, ғалым, әдебиеттанушы Сағатбек Медеубекұлы Қапез Байғабылұлының Алаш ардақтысы ретіндегі ұлттық руханияттағы орнына тоқталды.
«Қапез Байғабылұлы – Алаш идеясын ту еткен, халқымыздың сауатын ашуға, өңірдегі баспасөздің дамуына және ел аузындағы халық мұрасын жинақтауға зор үлес қосқан бірегей тұлға. Оның әдеби әрі ағартушылық мұрасын терең зерделеу – бүгінгі ғылым үшін де, келешек ұрпақ үшін де маңызды», – деді Сағатбек Медеубекұлы.
Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы өзінің қоғамдағы және өнердегі орны тұрғысынан ұлттық музыкалық мұраның құндылығын баса айтты.
«Қапез Байғабылұлының туындылары – қазақтың дәстүрлі ән өнерінің алтын қоры. Музыкалық мұрамызды дәріптеу арқылы біз ұлттық кодан айырылмаймыз. Алда өтетін республикалық байқау жас орындаушылар арасында осы бай мұраны қайта жаңғыртады», – деді Рамазан Стамғазы.
Сондай-ақ суретші, профессор Тоққожа Қожағұлов бейнелеу өнері бойынша өтетін республикалық конкурстың жүлде қоры 750 мың мен 1,5 миллион теңге құрайтынын ашып айтты.
Алматы облысында ағартушы-қайраткер, Алаш рухты ақын-композитор Қапез Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына орай ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтуде

