16 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 818 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 489-ның симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2237,2 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,6% — ға дейін төмендеді.
Соңғы тәулікте КВИ 278 жағдайы тіркелді, оның ішінде 239-ы симптомдық және 39-ы симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 278 жағдайының 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Оқушылар арасында 42 және студенттер арасында 7 жағдай анықталып отыр.