Бүгінгі күнге дейін Алматы облысында 34 903 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 23 421 симптомдармен.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1633,0 құрады.
Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ өсу қарқыны бір деңгейде тұр — 0,9%. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 1,9%, Балқаш — 1,0%, Ескелді — 1,4%, Қарасай — 1,8%, Қаратал — 1,2%, Кербұлақ — 1,8%, Сарқан — 1,8%, Кеген — 1,7% аудандар мен Қапшағай қаласында — 1,4% байқалады.
Айта кетейік, өткен тәулікте КВИ 244 адамның вирус жұқтырғаны анықталды
Індеттен қорғанудың жалғыз жолы-екпе. Өңірде вакцина жеткілікті. Жыл басынан облысқа вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түсті, оның 583 193-і қолданылып, бүгінгі күні 96 062 дозасы қалды.
Бірінші компонентпен 583 193 адам егілді, екіншісі – 442 986. Вакциналанғандар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 997, медицина қызметкерлері – 23 445, педагогтар – 38 477, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 4678 және басқа да қызмет салаларының өкілдері — 457 663 адам.