Өңірде 240-тан аса автогаз бекеттері қатаң бақылауда . Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Канат Есболганов мәлімдеді.
Қазіргі таңда аймақта тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы жұмыс істейді. Атап айтсақ, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша тиесілі 8 газ желісі және 4 газ толтыру пункті бар.
Канат Есболгановтың айтуынша, 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды.
«Тұрмыстық газ баллондары көптеген үйлер мен кәсіпорындар үшін маңызды және ыңғайлы энергия көзі болып табылады. Алайда, сығылған газ цилиндрлерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік өте маңызды. Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін»,-деді Канат Есболов
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі осы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға рейдтік тексерулер жүргізеді.
Биыл аймақта тұрмыстық баллондарды дұрыс қолданбау салдарынан 6 төтенше жағдай орын алды. Бұл ретте 14 адам зардап шекті .
Айта кету керек, қазіргі кезде департаменттің бақылауында облыс бойынша 4 магистральдық газ құбыры бар.