Site icon ATAMEKEN

Алматы облысында денсаулық сақтау көрсеткіштері жақсарды

Алматы облысында денсаулық сақтау саласының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Алқа отырысында өңірдің 27 негізгі көрсеткішінің 25-і орындалғаны айтылды.

Нәтижесінде облыста жалпы өлім-жітім деңгейі төмендеп, нәресте өлімі 5 пайызға азайған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім көрсеткіші екі есеге қысқарды. Скринингтік тексерулердің ауқымы кеңейіп, тұрғындардың басым бөлігі профилактикалық медициналық тексерулермен қамтылды. Бұл өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Exit mobile version